Перейти к содержимому
ТІКЖ AP05134597

Климаттық және экологиялық қоршаған орта өзгерістерін талдау мен мониторинг жасауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен

Ғылыми жетекші ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған проф. Дуйсебекова К.С.
k.duisebekova@edu.iitu.kz
Бағдарлама Гранттық қаржыландыру, 2018–2020
Шарт 2018 жылғы 16.03 күнгі №202 шарт
Жобаны қаржыландыру 30 млн тг
Басым бағыт Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар

МАҚСАТЫ

Жобаның мақсаты

Деректерді (үлкен деректерді) жинау, беру және өңдеу үшін стационарлық және мобильді датчиктерді қолдана отырып, климаттық және экологиялық жағдайға мониторинг жасау жүйесін құру. Климаттық және экологиялық мониторинг, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен ауытқуларына қатысты деректерді жинау қызметі қазіргі заманғы бақылау техникалық құралдарын (қашықтықтан зондтау, радиоэлектрондық), деректерді беру мен өңдеудің мобильді және автоматтандырылған жүйелерін пайдалану мен дамытуды талап етеді.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Аннотация

Авторлар үлкен деректерді (Big Data) зияткерлік өңдеуге арналған жоғары өнімді алгоритмдер мен аспаптық құралдарды әзірледі. Жобаны іске асыру барысында көлемі үлкен деректерді талдауға арналған құрал-саймандар жасалды, бұл Қазақстанда жоғары өнімді зияткерлік технологиялардың одан әрі дамуына септігін тигізді. Жоба нәтижелеріне сәтті қол жеткізу өзіміздің ғылыми кадрлар мен материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану есебінен Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға алғышарттар жасады. Зерттеу нәтижелері ғылыми қоғамдастықтың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру және кез келген басқа да ақпараттық-аналитикалық мақсаттар үшін қолданылды. Жобада іске асырылған үлкен деректерді (Big Data) өңдеу жүйелерінің мүмкіндіктері клиенттерге қызмет көрсетумен, маркетингпен, бәсекелестік барлаумен, сыртқы және ішкі корпоративтік коммуникациялармен, аналитикалық қаржылық ақпаратты өңдеумен және т.б. жұмыстары байланысты компаниялар қызметін жеңілдетеді, бұл жобаның практикалық маңыздылығын растайды. Жобаны іске асырудың әлеуметтік әсері ғылыми кадрларды даярлаудан, ғылыми-зерттеу қызметіне жас ғалымдардың қызығушылығын арттырудан және оларды кеңінен тартылуынан, сондай-ақ зерттеудің ғылыми және қолданбалы нәтижелерін оқу үдерісінде пайдаланудан тұрады.

НӘТИЖЕЛЕР

Ғылыми жетістіктер

LoRa деректерді беру желісінің топологиясы әзірленді. Өлшеу станциялары датчиктерден деректерді жинап, оларды ең жақын шлюзге жібереді. Шлюздер LoRa желісінің соңғы құрылғылары мен желілік сервер арасындағы «мөлдір көпір» рөлін атқарады және берілетін деректерді тікелей өңдемейді. Шлюздерден басқа, LoRa желісінде соңғы құрылғылардан деректерді тұтынушыға және тұтынушыдан соңғы құрылғыларға беруді ұйымдастыратын басқарушы сервер бар. Желілік сервер желідегі коллизияларды шешеді, таратқыштардың қуатын және деректерді беру жылдамдығын өзгертеді, соңғы құрылғылардың батарея зарядтарын бақылайды, сондай-ақ егер желіде олар бірнешеу болса, алынған деректерді мақсатты абоненттерге бағыттайды. Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау желісі Алматы қаласында 20 стационарлық бақылау бекетін пайдалануды көздейді. Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау келесі режимдерде жүргізілуі мүмкін: - толық емес бағдарлама бойынша (тәулігіне 3 рет – жергілікті уақыт бойынша 07, 13, 19 сағатта); - толық бағдарлама бойынша (тәулігіне 4 рет – жергілікті уақыт бойынша 01, 07, 13, 19 сағатта); - үздіксіз режимде. Негізгі көрсеткіштерді жинауды жүзеге асыратын стационарлық және жылжымалы бекеттерден деректерді беру бойынша LPWAN байланыс желілерінің мүмкіндіктерін бағалау. Заманауи элементтік базада іске асырылған әзірленген схема тәуліктің әр түрлі уақытында, әр түрлі ауа райы жағдайларында экологиялық және метеорологиялық ақпаратты жинауға арналған автоматты желіні талдау үшін қажетті статистикалық деректерді береді. Деректерді беру модулінің параметрлерін сынақтан өткіру үшін SemtechLoraCalculator бағдарламасын қолдануға болады. Бұл бағдарлама спектр енін, деректерді беру жиілігін, бит жылдамдығын, ток тұтынуды, батареяның жұмыс уақытын бағалауға мүмкіндік береді. Визуалды статистика үшін GoogleColaboratory пайдаланылды, бұл машиналық және терең оқыту саласындағы зерттеулерді жеңілдетуге бағытталған жақында пайда болған бұлттық сервис. Бұл сервистің артықшылықтарына бейнекартасы қосылған машинаға қашықтан қол жеткізуді жатқызуға болады, және ол мүлдем тегін, бұл жұмыста пайдаланылған терең нейрондық желілерді оқыту қажет болған кезде жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді. Ауаның ластануы туралы деректер csv файлы түрінде ұсынылған, онда 11403 оқыту деректерінің данасы бар. Ластанудың таралуының нақты физикалық моделі және ластанудың таралуын сандық модельдеу қарастырылған. Белсендіру процедуралары аяқталғаннан кейін соңғы түйін датчиктердің көрсеткіштерін белгіленген интервалмен беруге дайын болады. Байланыс орнатылғаннан кейін деректер он алтылық код (HEX) түрінде пайдалы жүктеме форматына түрлендіріледі.

Жобаның ғылыми және практикалық нәтижелері ҚР БҒМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдардағы 10 мақалада және WoS және Scopus базаларында индекстелетін журналдардағы 11 мақалада көрініс тапты.

ЕНДІРУ

Коммерциализация және практикалық қолданыс

Озық мониторинг және болжау математикалық модельдерін пайдалана отырып, үлкен деректерді (Big Data) өңдеу негізінде жедел шешімдер қабылдау табиғи ресурстарды ұтымды жоспарлауға және пайдалануға, шығындарды азайтуға әкеледі және осылайша елеулі экономикалық тиімділік алуға мүмкіндік береді.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы