«Artificial Intelligence AND Cyberspace Security» тақырыбындағы вебинарлар сериясы
«ХАТУ» АҚ Даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Ғылыми-зерттеу қызметі департаменті «Artificial Intelligence and Cyberspace Security» жалпы жұмыс атауымен вебинарлар сериясын ұйымдастырады.
Бұл іс-шараны өткізудің мақсаты университет профессор-оқытушылар құрамының, сондай-ақ білім алушы докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін белсендіру болып табылады. Жоспарланған вебинарлар шеңберінде жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді жарыққа шығару үшін пікірталас алаңы ұйымдастырылады.
Вебинарлар жұмысына С.Д. Бушуев (Kyiv National University of Construction and Architecture, Kuiv, Ukraine), Марат Нұртас (IITU), Д. Цой (IITU), В.А. Малых (Санкт-Петербург ұлттық зерттеу ақпараттық технологиялар, механика және оптика университеті, РФ) сияқты ғалымдар және басқалар қатысады.
Іс-шара жарияланған тақырып бойынша Zoom платформасында онлайн форматында апта сайынғы вебинарлар сериясы ретінде ұйымдастырылады:
Конференцияға сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/83926319468?pwd=dbwqxs4FdhQjkemLWDrVKQYOTfKy8Q.1
Конференция идентификаторы: 839 2631 9468
Кіру коды: 053525
Вебинарлар бағдарламасы
| Күні, уақыты | Спикер | Тақырыбы |
| 2024 жылғы 10 сәуір 15:00 | Бушуев Сергей Дмитриевич (Kyiv National University of Construction and Architecture, Kuiv, Ukraine) | Жасанды интеллект: ұғымдардан практикаға дейін: қазіргі әлемдегі жасанды интеллекттің негізгі тұжырымдамалары мен қолданбаларына шолу |
| 2024 жылғы 17 сәуір 15:00 | Марат Нұртас (International Information Technology University) | Neural networks and their applications |
| 2024 жылғы 24 сәуір 15:00 | Валентин Малых (Мәскеу физика-техникалық институты) | Кодқа арналған үлкен тілдік модельдер |
| 2024 жылғы 22 мамыр 15:00 | Дана Цой (International Information Technology University) | AI + XR: коллаборация нәтижелері |