Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
05.12.2024

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған кездесу


2024 жылдың 9 желтоқсанында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен «Қоғамдық ұйымдардың коррупциямен күрестегі рөлі» тақырыбында кездесу өтеді. Іс-шара «Парасатты ұрпақ үшін» Қоғамдық қорының қолдауымен «Алматы - адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылады.


Іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында коррупцияға қарсы төзімсіздікті қалыптастыру, академиялық адалдықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ антикоррупциялық саясатты насихаттау.



Негізгі спикерлер:

  • Мубарак Мукатаевич Ахметсафин – «ЖАҢАРУ» қозғалысының белсендісі
  • Марат Маутенович Калимолдин – «Алматы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Парасатты Ұрпақ үшін» Қоғамдық қорының президенті
  • Гульбара Акматовна Джирембаева – «Адам және құқық» медиациялар мен заңгерлер одағының президенті, Қазақстан халықаралық полиция ассоциациясының хатшысы
  • Ризабекова Шолпан Бостановна – «Ел-бірлігі» республикалық одағының президенті, заң консультанттары палатасының мүшесі, заңгер-эксперт
  • Айжан Мирасбековна Баянова – «Адам және құқық» медиациялар мен заңгерлер одағының әкімшілік директоры

Өтетін орны мен уақыты:

ХАТУ, Манас көшесі, 34/1, аудитория 907 (9-қабат), басталуы 14:00-де.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Азиз Байназар (+7 708 299 67 17).

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих