2025 жылдың 24 қаңтарында ХАТУ-да «Employer Appreciation Day» іс-шарасы өтті, ол студенттер мен жетекші жұмыс берушілерді біріктірді!

Employer Appreciation Day.png


Іс-шаранаң ашылуы құттықтау сөздер мен ерекше атмосферамен басталды. Сонымен қатар, жәрмеңке ұйымдастырылып, қатысушылар 25 компанияның өкілдерімен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары мен тағылымдамалар туралы ақпарат алып, түйіндемелерін қалдыру мүмкіндігіне ие болды. Интерактивті сессиялар мен түрлі белсенділіктер студенттерге құнды кеңестер алып, мансаптық өсу жолында жоспар құруға көмектесті. Жұмыс берушілер өз компаниялары туралы кеңінен баяндап, қатысушыларға тәжірибелік білім беретін нақты кейстерді ұсынды. Марапаттау рәсімі барысында студенттердің мансаптық дамуына үлес қосқан ең белсенді қатысушылар мен компанияларға алғыс хат ұсынылды.
Іс-шара кәсіби байланыстар орнатуға, армандаған жұмыс орнын табуға және жаңа жетістіктерге шабыттануға маңызды алаңға айналды. Барлық студенттер мен жұмыс берушілерге қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ осындай ұмытылмас атмосфера жасағандарыңыз үшін рахмет! Біз таланттарымызбен мақтанамыз және бірге табысты болашақ құруды жалғастырамыз!
Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих