ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
Оқу-әдістемелік кеңес — университеттің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіретін тұрақты жұмыс істейтін алқалы консультативтік-кеңесші орган.
ОӘК қызметі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге және университеттің ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Кеңес білім беру бағдарламаларын дамыту стратегиясын іске асыруға, оқытудың инновациялық технологияларын енгізуге және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Университет базасындағы ОӘК оқу жоспарларын, әдістемелік құралдарды сараптау және білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу үшін негізгі алаң.
Білім беру процесін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына және ішкі стратегиялық даму мақсаттарына сәйкес үйлестіру және жетілдіру.
Оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға және оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру және оларды басып шығаруға ұсыну.
Бітіруші түлектердің академиялық ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін оқу процесіне озық тәжірибе мен заманауи білім беру технологияларын енгізу.
Пәндерді оқыту сапасын мониторингтеу және талдау, сондай-ақ кафедралар мен факультеттердің әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
КОНТАКТЫ