Перейти к содержимому

ХАТУ-да Жеңіс күні аталып өтті!

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында және Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай университетте «Отан деп соққан жүректер» атты іс-шара өтті. Аталған концерттің басты мақсаты — студенттердің бойында патриоттық рухты ояту, тарихи сананы қалыптастыру және елге деген сүйіспеншілікті арттыру.Іс-шара…

2026-05-05 1 мин оқу
ХАТУ-да Жеңіс күні аталып өтті!


7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында және Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай университетте «Отан деп соққан жүректер» атты іс-шара өтті. Аталған концерттің басты мақсаты — студенттердің бойында патриоттық рухты ояту, тарихи сананы қалыптастыру және елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Іс-шара барысында батырлардың ерлігі дәріптеліп, тарихтың маңызды беттері еске алынды. Көрермендерге әсерлі музыкалық және шығармашылық қойылымдар ұсынылып, майдан даласында ерлік көрсеткен батырларымыздың рухына тағзым жасалды.

Бұл күн — өткенге құрмет көрсетіп, болашаққа сеніммен қараудың айқын көрінісі. Біз бейбіт өмір үшін күрескен ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және оларға әрдайым алғыс білдіреміз. Олардың батылдығы мен ержүректілігі — кейінгі ұрпаққа үлгі.

DSC01719.jpgDSC01580.jpgDSC01416.jpgDSC01618.jpgDSC01345.jpgDSC01715.jpg

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы