Перейти к содержимому

IITU-де IT-индустрия және креативті технологиялар өкілдерімен кездесу өтті

ㅤ

2026-11-06 1 мин оқу
IITU-де IT-индустрия және креативті технологиялар өкілдерімен кездесу өтті

2026 жылғы 5 қарашада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру аясында IT-индустрия және креативті технологиялар саласының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Канкуров Станислав Владимирович, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жақыпов Нұржан Бауыржанұлы, сондай-ақ «UvU International Ltd» IT-компаниясының директоры Төлеуғали Мадияр Сұнғатұлы қатысты.

Кездесу барысында Президент Жолдауында айқындалған цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу және инновациялық бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар отандық IT-компаниялар мен стартаптарды дамыту, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, білікті мамандар даярлау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарына ерекше назар аударылды.

Жиында Алматы қаласының еліміздегі жетекші ғылыми, білім беру және экономикалық орталықтардың бірі ретіндегі әлеуеті атап өтілді. Қаланың технологиялық мүмкіндіктерін инфрақұрылымды жетілдіруге, көлік жүйесін оңтайландыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағыттаудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында жоғары оқу орындарының цифрлық трансформация үдерісіндегі рөлі, IT-саласына қажетті білікті мамандарды даярлау және білім беру мен индустрия арасындағы байланысты нығайту мәселелері де қозғалды.

Мұндай кездесулер білім беру ұйымдары, мемлекеттік құрылымдар және IT-индустрия өкілдері арасындағы ашық диалогты дамытуға, тәжірибе алмасуға және еліміздің технологиялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы