IITU-де туберкулездің алдын алу бойынша кездесу өтті
ㅤ
20 қарашада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті мен университеттің медициналық қызметі бірлесіп ұйымдастырған «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық кездесу өтті.
Іс-шарада № 7 қалалық емхананың терапевт дәрігері А. Б. Ельшибаева және «Aq-Jol» Жастар денсаулық орталығының өкілдері спикер ретінде сөз сөйледі. Олар студенттерге туберкулездің жұғу жолдары мен алғашқы белгілері, аурудың алдын алудың негізгі шаралары және медициналық тексеруден уақтылы өтудің маңыздылығы туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында қатысушылар практикалық кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Аурудың алдын алу ақпараттанудан, ал денсаулыққа қамқорлық өзіне жауапкершілікпен қараудан басталады!

