IITU-де MyLoft электрондық кітапханасын пайдалану бойынша онлайн-тренинг өтеді
ㅤ
2026 жылғы 11 қарашада сағат 15:00-де MyLoft электрондық кітапханасының мүмкіндіктеріне арналған онлайн-тренинг өтеді.
MyLoft — университеттер үшін арнайы әзірленген заманауи электрондық кітапхана. Платформа студенттер мен оқытушыларға университеттің ғылыми және ақпараттық ресурстарына бірыңғай қосымша арқылы кез келген құрылғыдан, әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тренинг барысында қатысушылар платформаның функционалдық мүмкіндіктерімен, электрондық ресурстарды пайдалану ерекшеліктерімен және қажетті ақпаратты тиімді іздеу тәсілдерімен танысады.
Іс-шара туралы ақпарат:
-
Күні: 2026 жылғы 11 қараша
-
Уақыты: 15:00 (Қазақстан уақыты бойынша)
-
Форматы: онлайн (MS Teams)
-
Ұзақтығы: 40 минут
-
Өткізу тілі: орыс тілі
Қатысу сілтемесі: Тренингке қосылу
IITU студенттерін, оқытушыларын және қызметкерлерін тренингке қатысуға шақырамыз!