Перейти к содержимому

IITU-де International Students Club ұйымының тимбилдингі өтті

ㅤ

2026-11-06 1 мин оқу
IITU-де International Students Club ұйымының тимбилдингі өтті

2026 жылғы 5 қарашада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) International Students Club студенттік ұйымының тимбилдингі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мәдениетаралық байланыстарды нығайту, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту және шетелдік студенттердің университет ортасына бейімделуіне ықпал ету.

Іс-шара барысында шетелдік студенттер Қазақстанның мәдениетімен және ұлттық дәстүрлерімен жақынырақ танысты. Қатысушылар қазақтың ұлттық ойындары – тоғызқұмалақ пен бес асықты ойнап үйреніп, ұлттық дастархан басында қазақ халқының қонақжайлық дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік алды.

Әртүрлі елдерден келген студенттердің басын қосқан тимбилдинг жылы әрі достық атмосферада өтті. Бұл кездесу мәдени тәжірибе алмасуға, жаңа достар табуға және IITU-дің халықаралық студенттік қауымдастығын нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.

Осындай бастамалар инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға және шетелдік студенттер үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

International Students Club — Different cultures, one community!

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы