23.07.2026

Қазақстанның 2029 жылға дейінгі IT-индустриясының болашағы: ХАТУ базасында TechnoWomen ұйымымен дөңгелек үстел өтті

22 шілдеде Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті базасында сарапшылар, IT-кәсіпкерлер және еліміздің технологиялық экожүйе өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымының бастамасымен Қазақстан Республикасының IT-бизнесін 2029 жылға дейін дамытудың Стратегиялық күн тәртібін әзірлеуге арналды.

«TechnoWomen» ұйымы — Орталық Азияның ICT нарығында сандық экономиканы, электрондық коммерцияны дамыту және бірыңғай өңірлік IT күн тәртібін қалыптастыру мәселелерін ілгерілететін жалғыз қауымдастық. Бүгінде өңір елдерінің экономикалық интеграциясы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды факторына айналуда. Бұл үдеріс Орталық Азия елдері арасындағы үздіксіз мемлекеттік-жекешелік диалог үшін құрылған B5+1 (Business 5+1) көпжақты платформасы аясында ерекше маңызға ие.

Сараптамалық кездесу шеңберінде технологиялық индустрияның 20 жетекші өкілі сала дамуының басымдықтарын, қолданыстағы кедергілерді талқылап, мемлекет пен бизнеске арналған практикалық ұсыныстарды тұжырымдады.

ХАТУ цифрлық білім берудің көшбасшысы әрі Қазақстанның IT-экожүйесінің белсенді қатысушысы ретінде мұндай стратегилық сессияларды өткізудің негізгі алаңы болып табылады.

DSC03637
DSC03655
DSC03663
DSC03722
DSC03721
DSC03753

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих