ХАТУ-да студенттер арасында волейбол турнирі өтті
2026 жылғы 21 қарашада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде студенттер арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды. Спорттық додаға 16 команда қатысып, жүлделі орындар үшін өзара бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын — Nekoma
II орын — Retake
III орын — Shadows
Жүлделі орындарға ие болған командаларға турнир демеушілері — Jas Almaty және «Қайырымды қала» қоғамдық қорының атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Турнир достық пен спорттық бәсекелестік үйлескен көтеріңкі атмосферада өтті. Қатысушылар ұйымшылдық пен командалық рух танытып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген демеушілерімізге, сондай-ақ турнирді ұйымдастыруға үлес қосқан барша әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!