2026 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының өткізілетіні туралы хабарландыру
ㅤ
2026 жылғы 6 қарашадан 18 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыратын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жоғары оқу орны ішіндегі кезеңі өтеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына (бұдан әрі – Конкурс) келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:
-
Жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары болуы;
-
Конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық еңбек өтілінің болуы.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
I кезең (жоғары оқу орны ішіндегі) 2026 жылғы 6 қарашада басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (https://universitycontest2026.kz/) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
-
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға арналған үлгілік өтінім (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506);
-
Жоғарыда аталған Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер);
-
Жоғарыда аталған Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
-
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
-
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі – 2026 жылғы 19–20 қараша.