Перейти к содержимому

Cyber4CA халықаралық воркшопы

Сіздерді киберқауіпсіздік саласындағы білім беру бағдарламаларын салыстырмалы талдауға арналған халықаралық воркшопқа қатысуға шақырамыз!

2026-11-25 1 мин оқу
Cyber4CA халықаралық воркшопы

Сіздерді киберқауіпсіздік саласындағы білім беру бағдарламаларын салыстырмалы талдауға арналған халықаралық воркшопқа қатысуға шақырамыз!

Іс-шара барысында Еуропалық одақ пен Орталық Азияның жоғары оқу орындарында киберқауіпсіздік бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәсілдерін қарастырып, өңіраралық тәжірибе және идеялар алмасамыз.

Күні: 2026 жылғы 26 қараша
Уақыты: 14:00–16:00
Форматы: офлайн / Microsoft Teams
Өтетін орны: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ), Cyber4CA жобасының зертханасы (407-кабинет), Манас көшесі, 34/1, Алматы, Қазақстан.

Қатысуға шақырылады:
— Cyber4CA консорциумының мүшелері;
—ХАТУ-дың Cyber4CA жобалық командасы;
—ХАТУ-дың профессор-оқытушылар құрамы.

Жоба үйлестірушісі: Гүлнара Закирова, қауымдастырылған профессор, ХАТУ-дың құрметті профессоры.

Киберқауіпсіздік саласындағы білім беру бойынша кәсіби диалог пен білім алмасуға қосылыңыздар!

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы