IITU онлайн курстарды интеграциялағаны үшін Coursera марапатына ие болды
18 қарашада Астанада Қазақстанның өңірлік ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі орнын нығайтуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті.

Форум жұмысына IITU ректоры Гүлмира Бекманова қатысты. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік университеттердің, халықаралық және ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен индустриялық серіктестердің 400-ден астам өкілі жиналды.
Қатысушылар трансұлттық білім беруді, академиялық ұтқырлықты, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелерін талқылады. Бағдарламаның маңызды бөлімдерінің бірі халықаралық онлайн курстарды қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына интеграциялауға арналған Coursera Future Talks сессиясы болды.
Coursera Qazaqstan Excellence Awards марапаттау рәсімі аясында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті оқу бағдарламаларына онлайн курстарды интеграциялаудағы жетістіктері үшін Excellence in Curriculum Integration Award марапатына ие болды. Марапатты IITU атынан университет ректоры Гүлмира Бекманова қабылдады.
Бұл марапат IITU-дың цифрлық білім беруді дамытуға, заманауи оқыту форматтарын енгізуге және студенттердің халықаралық білім беру ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге қосқан үлесін айқындайды. Форумға қатысу қазақстандық және шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасуға әрі ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашты.