Перейти к содержимому

IITU-де қаржы секторын цифрландыруға арналған қонақ дәрістер өтті

2026 жылғы 26 қарашада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ өкілдерінің қатысуымен қаржы секторындағы заманауи технологиялар мен цифрлық трансформацияға арналған қонақ дәрістер өтті.

2026-11-26 1 мин оқу

Кездесу барысында Мирзарашид Аббасов деректер қоймасының архитектурасы (Data Warehouse, DWH) және оның қаржылық аналитикада қолданылуы туралы баяндады. Саят Оразов цифрлық қаржы активтерін дамытудың өзекті бағыттарын таныстырып, токенизация және жаңа қаржы құралдары туралы ақпарат берді.

Студенттер қаржы саласында қолданылатын заманауи технологиялық шешімдермен танысып, саланың перспективалық даму бағыттары туралы білімдерін кеңейтті және спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, білім беру мен индустрия арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ қаржы секторын цифрландыру үдерістерін тәжірибелік тұрғыдан түсінуге ықпал етеді.

IITU «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ өкілдеріне мазмұнды дәрістері мен кәсіби тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс білдіреді!

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы