Перейти к содержимому

IITU-де цифрлық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

2026 жылғы 24 қарашада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Пазыл Айбатыр Бауыржанұлымен студенттердің кездесуі өтті.

2026-11-24 1 мин оқу

Кездесу барысында дропперлік, кибербуллинг, фишинг, киберсталкинг және интернет кеңістігіндегі басқа да құқық бұзушылық түрлері талқыланды. Спикер киберқылмыскерлер қолданатын негізгі тәсілдер, күмәнді хабарламалар мен сілтемелерді анықтау, сондай-ақ интернет-алаяқтардан қорғану жолдары туралы айтып берді.

Студенттер жеке және банктік деректерді қорғау, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелерін сақтау және киберқауіп туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі жөнінде пайдалы ақпарат алды.

Кездесу студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернетті қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы