ХАТУ-да Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
2026 жылғы 22 қазанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
2026 жылғы 22 қазанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға университет басшылығы, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының және Қоғамдық даму орталығының өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен белсенді студенттерге қоғамдық жұмыстарға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар құрметті қонақтарға естелік сыйлықтар берілді.

Мерекелік концерт бағдарламасында «Қазына» қазақ ұлттық аспаптар ансамблінің орындауындағы күйлер, «AUEN» вокалдық-аспаптық ансамблінің музыкалық шығармалары, сондай-ақ «Shadows» би тобының өнері ұсынылды.
Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, патриоттық рухты нығайтуға және университет қауымдастығының бірлігін арттыруға бағытталды.
ХАТУ барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды! Елімізге бейбітшілік, бірлік пен өркендеу тілейміз!
