Перейти к содержимому

IITU және Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 18 қарашада «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (IITU) мен «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2026-11-18 1 мин оқу
IITU және Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

IITU және Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 18 қарашада «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (IITU) мен «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім ақпараттық технологиялар мен медицина тоғысындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.



Кездесу барысында ұйым өкілдері алдағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады. IITU магистранттары мен докторанттарының Орталық базасында ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға, сондай-ақ Орталық мамандарын университетпен бірлескен жұмысқа тартуға ерекше назар аударылды.

Жасанды интеллект негізіндегі цифрлық модельдер мен шешімдерді Орталықтың нақты деректері негізінде сынақтан өткізу ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының бірі болмақ. Бұл жұмыстар ақпаратты иесіздендіру, дәрігерлік құпияны сақтау және дербес деректерді қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Сонымен қатар тараптар денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға бірлесіп өтінім беру мүмкіндігін қарастыруға келісті.



Кездесуге қатысушылар «Медицинадағы IT» бағыты бойынша микробіліктіліктер әзірлеу мәселесін де талқылады. Білім беру бағдарламалары заманауи цифрлық технологияларды меңгерген және медицина саласының ерекшеліктерін түсінетін мамандарды даярлауға бағытталады. Докторантура бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу перспективаларына да ерекше назар аударылды.

Меморандумға қол қою салааралық ынтымақтастықты дамыту және денсаулық сақтау саласына озық IT-шешімдерді енгізу үшін қолайлы жағдай қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы