Перейти к содержимому

IITU мен Құрлық әскерлерінің Әскери институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 25 қарашада «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (IITU) өкілдері Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына барды.

2026-11-25 1 мин оқу
IITU мен Құрлық әскерлерінің Әскери институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 25 қарашада «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (IITU) өкілдері Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтына барды.

Сапар барысында IITU-дың Басқарма Төрағасы – Президенті Рүстем Биғари бастаған делегация Әскери институттың тарихы мен қызметімен танысты. Қонақтарға музей бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оқу орнының білім беру бағдарламалары, ғылыми қызметі және халықаралық байланыстары таныстырылды.

Жұмыс кездесуі кезінде тараптар білім мен ғылым салаларындағы ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және бірлескен бастамаларды дамыту перспективаларын талқылады. Білім беру және ұйымдастырушылық үдерістерде цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша IITU мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, конференциялар, семинарлар мен кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған басқа да іс-шараларды өткізуге негіз болады.

Меморандумға қол қою әскери білім беру мен цифрлық технологиялар саласындағы тәжірибені біріктіруге, сондай-ақ мамандарды даярлаудың заманауи талаптарына сай өзекті шешімдерді әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы