13.07.2026

ЖООӘБ-ЖББ РӘӘК 2025–2026 оқу жылындағы жұмыс қорытындысын шығарды

2026 жылғы 29 маусымда «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ базасында онлайн-форматта 061 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және 063 «Ақпараттық қауіпсіздік» даярлау бағыттары бойынша Республикалық әдістемелік кеңестің Жобаларды басқару тобы – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестігінің (ЖООӘБ-ЖББ РӘӘК) 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды отырысы өтті.

Отырысқа ЖООӘБ құрамына кіретін Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, оқытушылар мен салалық сарапшылар қатысты.

Қорытынды отырыс ЖООӘБ-нің 2025–2026 оқу жылындағы қызметінің нәтижелерін саралау алаңына айналды. Кездесу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласында кадрлар даярлау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып, білім беру бағдарламаларын жетілдірудің, innovatsiyalyq білім беру технологияларын енгізудің заманауи тәсілдері және жоғары оқу орындары арасында озық тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Өткен оқу жылындағы ЖООӘБ қызметінің нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Есепті кезеңде бірлестік білім беру бағдарламаларын сараптамалық және әдістемелік сүйемелдеу, жоғары оқу орындары арасында кәсіби өзара іс-қимылды ұйымдастыру, білім беру мазмұнын дамыту бойынша ұсынымдар дайындау, оқу басылымдарын қарастыру, сондай-ақ цифрлық технологиялардың жедел дамуы жағдайында жоғары білімді трансформациялаудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізді.

Отырыс қорытындысы бойынша ЖООӘБ-ЖББ РӘӘК-нің 2025–2026 оқу жылындағы қызметі туралы есебі бекітілді, оқу-әдістемелік жұмысты одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар қабылданып, бірлестіктің жаңа оқу жылына арналған қызметінің басым бағыттары айқындалды. Сондай-ақ РӘӘК ЖООӘБ грифін бере отырып, оқу құралын басып шығаруға ұсыну туралы шешім қабылданды.

Оқу жылын қорытындылай келе, қатысушылар ЖООӘБ қызметі академиялық қоғамдастықтың шоғырлануына, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында озық тәжірибенің таралуына, сондай-ақ АКТ және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Жаңа оқу жылында ЖООӘБ жұмысы цифрлық трансформацияның заманауи сын-қатерлерін, жасанды интеллектінің дамуын және еңбек нарығының түлектерге қоятын жаңартылған талаптарын ескере отырып жалғастырылатын болады.

Фото заседания

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих