IITU делегациясы Ядролық физика институтына барды
ㅤ
2026 жылғы 4 қарашада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) Басқарма төрағасы – Президент Биғари Рүстем бастаған делегация Ядролық физика институтына барды.
Сапар аясында екі мекеме арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ғылыми-зерттеу бағытындағы өзара байланысты нығайтуға және әріптестікті дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар делегация мүшелеріне институттың ғылыми-зерттеу нысандары бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Қонақтар институттың ғылыми инфрақұрылымымен және негізгі қызмет бағыттарымен танысты.
IITU ұжымы жылы қабылдау мен қонақжайлылық танытқаны үшін Ядролық физика институтының ұжымына алғыс білдіреді. Қол қойылған меморандум екі мекеме арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

